Диана Скатова: «Ол үйленбеген, баласы жоқ»

Жақында тұрмысқа шығатынын айтқан танымал тележүргізуші Диана Скатова сүйіктісі – музыкант Сұлтан Нұрбековке қатысты желіде тараған қауесетке қатысты пікір білдірді.
Диана Скатова Instagram-да болашақ жары, Qos Like реалити-шоуында өнер көрсеткен топтың солисі Сұлтан Нұрбековтің бойдақ екенін, оның бұрын-соңды отбасы болмағанын айтты. Осылайша ол сүйіктісіне қатысты желі қолданушыларының ойын жоққа шығарды.
«Қанша адам Сұлтан үйленген, бала-шағасы бар» деп жүр. Негізі – жоқ, кезінде мен қалжыңдап, әзіл видео түсіргенмін. Жасұлан деген әріптес, редакторымыз болды. Сол Жасұланның баласын ұстап жүрді де, мен: «Бұл – Сұлтанның баласы, үйленген» деп өтірік түсіре салғанмын. Қазір сол өз видеом өзіме қарсы шығып жатыр. «Сен Сұлтанды жанұясынан алып кеттің» , тағысын тағы. Жоқ, ханымдар мен мырзалар, ол үйленбеген, баласы жоқ», — деді Диана Скатова.
Айта кетейік, өткен аптада тележүргізуші Диана Скатова тұрмысқа шығатынын айтты.
Тележүргізушінің таңдауы Сұлтан Нұрбеков есімді музыкант жігітке түскен. Сұлтан Диана жүргізген танымал Qos Like реалити-шоуында өнер көрсеткен топтың солисі болған.
Бұл жаңалықты естіген желі қолданушылары таңданысын жасыра алмай, екі жасқа ақ тілектерін жаудырды.