Димаш Құдайберген: «Қазақтар ешқашан кешікпейді»

0
54

Белгілі әнші Димаш Құдайбергеннің әзілі желіде жарияланып, жұртты күлкіге қарқ етті.

«Қазақтар ешқайда асықпайды әрі ешқашан кешікпейді. Бұл – факт. Қазақтар тек кездесу күнін аздап өзгертіп жібереді», — дейді Димаш Құдайберген.

Әншінің бұл әзілін желі қолданушылары іліп әкетіп, ары қарай жалғады.

«Билет қалтада, пойыз қайда барады дейсің деген де бар», «Немістер айтқан минутында барса, қазақтар айтқан күні барады», «Құдай бере салған, жарығымыз, қашанда салмақты, сабырлы, жауаптары да әзілмен, өзіне жарасып тұр ғой!», «Сөз тапқанға,қолқа жоқ. Димашжан, әдемі жеткіздің», — деп жазды желі қолданушылары.

Айта кетейік, осыған дейін Әйгілі Майкл Джексон Димаш Құдайбергеннің туған күніне ерекше «сыйлық» жасағаны хабарланған болатын.