Дін мен ғылым бір-біріне қайшы келе ме?

0
37

Аллаһ екі адамды — Адам мен Еваны жасады да Жерге жіберді дейді. Геология ғылымы бойынша қай дәуірде Адам мен Хауа Жерге түсті?

Геология ғылымы Жердің құрылысын, тау-тас, топырақ, барлығының дамуын зерттейді. Жерде әртүрлі өзгерістер болғанда, мысалы, вулкан атқылағанда, сол замандағы ауаның өзгерісі, күл-қоқыс, өмір сүрген жануарлар жердің бір қабаты болып қалады.

Сол ерекшеліктерге қарап, геолог ғалымдар Жерді геологиялық дәуірлерге бөліп-бөліп тастаған. Ең ірі докембрии, кембрии дәуірлері, олар өзара кезеңдерге бөлініп алған, архей, протерозой, мезозой, кайназой , ал олар өз ішінде тағы да бөлінеді.

Әр дәуірдің өзінің жануарлары, табиғи процестері Жердің қыртысында бір қабат қалдырады дедім. Сондықтан юра заманын қанша қазсаң да бірдебір адамның сүйегін таппайсың, өйткені адамның пайда болған өзінің геологиялық дәуірі бар, қазір біз кайназойдың ширек дәуірінде- антропоген заманында өмір сүріп жатырмыз.

Біздің бүкіл тіршілігіміз де дәуреніміз өткенде өзгелер секілді Жердің бір геологиялық қабаты болып қалады. Айтпақшы, тек адамды, оның пайда болуын, дамуын антропология ғылымы зерттейді.

Сонымен, дін бойынша адамзаттың бабасы Адам мен Хауа. Антропология ғылымы бойынша қазіргі адамзаттың бабасы- австралопитектер. Олар плиоцен деген геологиялық дәуірде өмір сүрген.

Демек, Адам мен Ева Жерге 5-2 млн жыл бұрын плиоценде Жерге түскен, діннің айтуынша, Хауа 120 рет жүкті болған және әркез ұл мен қыз — егізден туған, демек, австралопитектер Адам мен Еваның балалары, ал австралопитектер адамнан гөрі маймылға ұқсайтынын ескерсек, адамзат маймылдан тараған деген ғылымға еш қайшы емес

Эврика! Расымен де ғылым мен дін қайшы келмейді екен!

Айла КЕР, Facebook  жазбасы.

Фото көрнекілік үшін интернеттен алынды.