Дмитрий Панарин жапониялық әріптесінен ұтылып қалды

0
87

Парижде өтіп жатқан 2024 жылғы Олимпиада ойындарында Дмитрий Панарин алғашқы кездесуінде өткізді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Қазақстандық бадминтоншы Олимпиада ойындарындағы алғашқы кездесуінде жапониялық Кента Нишимотоға 0:2 (5:21, 11:21) есебімен есе жіберді.

Енді Дмитрий Панарин ертеңгі жарыс күнінде канадалық Брайан Янгпен кездеседі.

Айта кетейік, Париж қаласында алауы тұтанған XXXIII жазғы Олимпиада ойындарында жалпы 32 спорт түрінен 329 медаль жиынтығы сарапқа салынады.

Қазақстан спортшылары төрт жылдық додада спорттың 25 түрінен 92 жолдама жеңіп алған болатын