Е.Ертісбаев экс-коммунистерді тиынсыз қалдырған ба?

0
199

Ақпан айының басында Қазақстанның Халық партиясындағы ішкі тартыс пен интригалар әбден шегіне жетті. Партия төрағасы Ермұхамет Ертісбаев өз миисиясын орындады, енді Халық партиясы ыдыраудың алдында тұр дейді, DALA INSIDE дереккөзі.

Партияның Парламенттегі блогы да өзара қырқыса бастаған. Басты себеп, Халық партиясына бұрынғыдай келетін қаржы қызметкерлерге премия түрінде бөлінудің орнына, «Ертісбаев LIVE» ютуб-арнасына жұмсалуда.

Ақшалары азайғаннан кейін экс-коммунистер солшыл идеологиядан түңіле бастады.

Халық партиясы келесі сайлауға дейін монолитті формасын сақтап тұра ала ма? Парламенттегі дереккөз ең осал, ыдырап кетуі мүмкін дәл осы партия деген пікірде. Бір қызығы Халық партиясы бар болса да, жоқ болса да, саяси аренада ештеңе өзгермейді.

Фото ашық дереккөзден алынды.