Экс-шенеунікке қыздар жауап берді

0
194

Бұрынғы шенеунік Бауыржан Мусин әлеуметтік желіде “нағыз жар болуға лайық қыз” қандай болуы керегін айтып, жазба бөліскен еді деп хабарлайды Democrat.kz. ақпараттық порталы.

Экс-шенеуніктің талғамына сүйенсек, қарым-қатынас орнатуға болатын “дені сау” қыз төмендегідей талаптарға сай болуға тиіс екен.

Осыған орай қыздар қауымы да “дені сау” еркекке тән қасиеттер тізімін жариялады. Жалғыз шешесінің тәрбиесін алған жолбарысқа ұқсайтын мысық еркекті, 15 шет тілін білмейтін еркекті қыздар күйеу етпейтінін айтады.

Сондай-ақ кемі екі жоғары білімі мен 170см. Бойы төмен болмауы керегін еркектерге ескерткен қыздар әйелмен шапылдасып, салғыласпайтын, әр уақыт әйелге көңілі мен сезімін білдіріп, аялай білетін еркекті жар етуге дайын екенін жасырмайды.

“Ешқандай смартфоны болмасын, әйеліне хабарласуға тек “Нокиа” телефоны болса жетеді. Аптада бір күн әйеліне сыйлық пен гүл әперуі шарт” деген қыздар  осындай шартқа лайық еркекпен ғана өмірлік дос болатындарын мәлімдеді.

Фото көрнекілік үшін интернеттен алынды.