Енді әскерге бармағандар жауапқа тартылады

0
99

Қорғаныс министрлігі мерзімді әскери қызметке шақырудың тәртібі туралы мәлімдеме жасады. Биыл күзде әскер қатарына шақырылған 20 мыңнан астам азамат міндетін өтемесе, әкімшілік және қылмыстық жауапкершілікке тартылады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

«Әскери қызметке шақырылған азаматтар жергілікті әскери басқару органының шақыру комиссиясына келуге міндетті», – деп басып айтты ҚР Қарулы Күштері Бас штабы Ұйымдастыру-жұмылдыру жұмысы департаменті бастығының орынбасары Фархат Айдарбаев.

Шақыру қағазы әскерге баруы керек адамның жеке өзіне немесе жұмысына, оқу орны бойынша ұйым басшыларына қол қойғызу арқылы, болмаса смс-хабарлама арқылы тапсырылады. Шақыру қағазын азаматтың жеке өзіне тапсыру мүмкін болмаған жағдайда, оның келуін қамтамасыз ету тиісті ішкі істер органдарына жүктеледі.

Айта кетейік, егер хабарлама алған азамат әскерге бармаса, мерзімді әскери қызметке шақырылудан бас тартқаны үшін заңнамада әкімшілік және қылмыстық жауапкершілікке тартылады.