Енді кредит алуға рұқсат сұрайсыз

0
257

Қазақстанда азаматтар енді жұбайының рұқсатынсыз несие ала алмауы мүмкін деп жазады Democrat.kz ақпараттық порталы Qaz365kz-ке сілтеме жасап.

Бұл туралы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі төрағасының бірінші орынбасары Нұрлан Әбдірахманов несие беру заңнамасына өзгертулер мен толықтырулар енгізуді қарастыру барысында айтты.

Қазақстан азаматтарының көбінің қарыз алу себебі – құмар ойынға тәуелділік. Адамдар бәс тігіп, табыс табуға бейім. Кейбір жағдайда олар банк несиелерін де пайдаланады. Ерлі-зайыптының бірі несие алады да, болашақта ол отбасылық бюджетке ауыртпалық түсіретін жағдайлар бар- дейді Нұрлан Әбдірахманов.

Оның айтуынша, мұндай қажетсіз несиелердің санын азайту үшін жұбайының келісімімен жеке тұлғаға банктік несие беру талабы қолдау тауып отыр.

Фото ашық дереккөзден алынды.