Ермұрат Бапиды шұғыл алып кетті
Таяуда ғана белгісіз сырқатқа ұшырағанын хабарлаған Мәжіліс депутаты Ермұрат БАПИДЫ шұғыл Еуропаға алып кетті деп хабарлайды Democrat.kz. ақпараттық порталы Телеграмдағы «Чемодан госсекретов» арнасына сілтеме жасап.
Телеграмм арнасының ақпаратында депутат дәрігерлік тексеруден өту үшін Еуропаға аттанған. Себебі сырқатының диагнозы анықталмаған. Сондай-ақ «улану» туралы өте үлкен күмәнді диагноз бар көрінеді.
Депутатты кім улауы мүмкін? Не себепті улауы мүмкін? Бұл сұрақтардың әзірге дәлелді жауабы жоқ.
Фото интернеттен алынды.