“Хит ұстаздан” жұрттың көңілі қалды

0
516

Әлеуметтік желіде “хит ұстаз” атанған Нұрсұлтан Рысмағамбетұлы жұрттың сынына ұшырады деп жазады Democrat.kz. ақпараттық порталы.

ТикТок әлеуметтік желісінде “хит ұстаздың”: “Қыздар орамал тақпағаны үшін зорланады” деген уағыз-насихаты қызу талқыға түсті. Бұл жолы басқа емес, Нұрсұлтан ұстаздан  мұсылман қыздардың көңілі қалды. “Осыны да “ұстаз” деп әспеттеп тыңдап жүрсек”, “сізден көңілім қалды”, “сонда 3 жасар қызды да орамал тақпағаны үшін зорлады ма?”, “хиджаб киген қыздар да зорлануда, олар ше?” деген сарында пікір жазғандардың басым бөлігі Нұрсұлтан “ұстаздарына” реніш білдіріп, “сенген қойым сен болсаң…” десуде.

“Өлген мәйітті зорлап жатқандарға не дейсің, ұстаз?”, “еркек неге нәпсісіне ие болмайды?”, “ашық жүрмек түгілі, жалаңаш жүрсе де ешкімді ешкімнің зорлауға қақысы жоқ” дескен пікір иелеріне Нұрсұлтан “ұстазды” әлі де әулие көретін біреулер “ұстаздың бір сөзіне бола бұлай етпеңдер”, “ұстаз да пенде, ол да қателеседі” деп “жұбатуда”.

Басқа да пікірлерді төмендегі видеоның астынан оқи аласыздар.

Фото интернеттен алынды.

@pe.yeah

⪩⪨ | дінге, орамалға қарсылығым жоқ! тек ұстаздың аудиториясының көп бөлігі жасөспірімдер екенін ұмытпағанын қалаймын! ол кісінің міндеті уағыз айту, өз ойын емес! #rek peyeah⪩⪨

♬ original sound — perizat | 🦢