«Хутор» ауылының тұрғындары халыққа үндеу жариялады(ВИДЕО)

0
583

Бұрынғы Хутор, қазіргі Рысқұлов ауылының тұрғындары халыққа үндеу жолдады деп хабарлайды Democrat.kz. тілшісі DALA INSIDE телеграм арнасына сілтеме жасап.

Әзірде ғана Талғар ауданы, Рысқұлов ауылында (бұрынғы Хутор) шамамен 60 шақты адам жиналып, жұртқа видеоүндеу жазды деп хабарлайды DALA INSIDE.

Видеоүндеуде ауыл тұрғындары ел арасында тараған ауылда «бандитизм» жайлағаны туралы ақпаратты теріске шығарды.

Ауылға қатысты теріс пікірлерге наразы болған олар, қоғамдық тәртіптің бұзылмағанын ерекше атап өтті.

Оқиға орнында патруль жұмыстары күшейтілді. Жағдай тұрақты. Ақпарат бойынша әлі де толықтыру болады.

Фото интернеттен алынды.