Илья Ильин әйеліне қатысты мәлімдеме жасады

0
308

Танымал ауыр атлет Илья Ильин әйелі Татьяна Гордиенко екеуі ел күтпеген мәлімдеме жасады деп хабарлайды Democrat.kz. Ақпараттық порталы.

Бір жарым жыл бұрын Илья Ильин екінші рет астаналық кәсіпкер әйел Татьяна Гордиенкомен үйленген еді. Инстаграм әлеуметтік желісінде Илья мен әйелі Таняны сөгіп, түрлі пікір жазатындар бар екен.

Осыған орай Таня: “Оқырмандарымыз өте жақсы. Алайда кейбірі маған “Ильяның шешесі сияқты, үлкен көрінесің. Өзіңнен жасы кіші жігіттің әйелі болуға қысылмайсың ба?” деп сұрайтындар да бар. Илья менен 8 жас кіші. Менің әжем де өзінен 14 жас кіші жігітке күйеуге шықса, ал әпкемнің күйеуі өзінен 14 жас кіші” деген Татьяна Гордиенко күйеуі екеуінің арасындағы жас айырмашылыққа еш мән бермейтінін айтады.

Ал Илья Ильин өз әйелімен мақтан тұтатынын айтып: “Таня — алтын адам. Менен жасы үлкен болғанында тұрған ештеңе жоқ. Керісінше, онымен сөйлесіп, сырласқан ұнайды. Өзімнен жасы кіші қыздармен олай ете алмайсың. Біз бір бірімізді тең деп таптық. Өмірге Айлишамыз да келді” дейді Илья Ильин.

Фото ашық дереккөзден алынды.