«Қағбаны қиратады» дейді Нұрсұлтан қожа

0
523

Интернеттегі «Аты жоқ подкастқа» сұхбат берген Нұрсұлтан Рысмағанбетов қағба тасы туралы айтып берді деп хабарлайды Democrat.kz. ақпараттық порталы. 

«Қағбаны қиратады екен ғой дейді. Ну и что? Пайғамбардың сахих хадисі бар. Қағбаны эфиопиялық қараторы жігіттің келіп, кубалмен бұзып жатқанын көріп тұрмын мен дейді. Солай болады. Сонда біз қағбаны қиратып қойып, қарап отырамыз ба? Болады солай. Өйткені мұсылмандардың құзырында қағбаның қадір-қасиеті қалмаған заман келеді», — деген Нұрсұлтан қожа қиямет жақындағанда мұндай жағдайдың болатынын, тіпті қазірдің өзінде Әл-Ақса мешітінің де қирап бастағанын да тілге тиек етті.

Мұнан бөлек қожа «өлім десе тыржиятындар Алламен кездескісі келмейтіндер» деп, өлім Алламен кездестіруші екенін де айтады.

Фото интернеттен алынды.