Қайрат қамауда жатып қанша ақшадан айырылды?

0
220

Жуырда танымал өнер иелері әртүрлі бұзақылық жасағаны үшін жазаланды.

Олардың қатарында Тұрсынбек Қабатов, Қайрат Нұртас, Әбдіжаппар Әлқожа бар. Танымал продюсер Алтынбек Рахметов жұлдыздарға бұл жаза қандай шығын әкелгенін айтты, — деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі «Казинформ» басылымына сілтеме жасап.

Қайрат Нұртас 19 шілдеде Ақсу қаласы мен металлургтер күніне арналған концертте өнер көрсетуге тиіс еді.

«Концертті ұйымдастырушы ретінде Қайрат Нұртас бұл іс-шарадан 5 миллион теңгеге жуық ақша таппағанын айта аламын. Оның басқа концерттерін білмеймін. Кейбір әншілер мерекелік шараға аптасына бір рет шығады, ал кейбіреулері әр қалаға барады», — деді Алтынбек Рахметов.

Сонымен қатар, өнер иесінің гонорары арқылы бір апталық кірісін есептеуге болады.

Той ұйымдастырушылардың айтуынша, Қайрат Нұртастың гонорары — кем дегенде 2,5 миллион теңге. Тұрсынбек Қабатовтың тойда тамада ретіндегі гонорары — 10-15 мың доллар.

Фото интернеттен алынды.