Қайрат Нұртастың әйелі оқырманға ой тастады

0
208

Қайрат Нұртастың әйелі Жұлдыз Инстаграм парақшасында оқырмандарымен ой бөлісті деп жазады Democrat.kz ақпараттық порталы.

Қарапайымдылық пен қарабайырлық сөздерінің мәніне үңілген Жұлдыз Әбдікәрімова: “Соңғы кезде осы сөзге мән беріп жүрмін. Кей ортада “…сіз өмірде өте қарапайым екенсіз…”-деп жатады. Ол мақтау ма?

Ал көбінде әлеуметтік желіде “…адам қарапайым болуы керек!”- деп ескерту айтып жатады. Ол кезде қандай сезімде болу керек?

Мұқағали бір өлең жолдарын:
“Мен қарапайым қарттарды сүйем,
He деген керім еді!”-деп бастайды. Бұл жолдардан жылулық сезіледі.

Әдебиетте бұл сөздің мағынасын “Бұқарадан өзгешелінбей, артық міндеттер мен ерекшеліктер пікірін құптамайтын көзқарасындағы адам. Яғни көппен бірге жүретін, ерекшеленбейтін, бұқаралық, әлеуметтік деңгейде ойлайтын адам”-деп түсіндіреді.

Бірақ осы сөзді ҚАРА ПАЙЫМ деп бөліп жазсаң мүлде басқа мән береді.

Мендегі ой мынау ҚАРАПАЙЫМдылықты ҚАРАБАЙЫРЛЫҚпен шатастырмайықшы”,-деп жазды.

Фото интернеттен алынды.