«Кәрім Мәсімов — Найман» дейді профессор

0
201

Медицина ғылымдарының докторы, профессор Арай Төлемісова «Адал адам» арнасына берген сұхбатында Кәрім Мәсімовке қатысты тың мәлімет айтты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

«Ол кісіні барлығы ұйғыр деп ойлайды.  Бірақ, ұйғыр емес. Мен куәлігін көрдім. Талдықорған,  Ақсудікі. Компьютерден көрдім, бір құжаттарда жазылған. Ақсуда мешіт салды. Соған байланысты ас берген кезде барған едім. Сол кезде «найманмын» деп өзі айтқан болатын. Былай жақындастығымыз жоқ», — деді Арай Төлемісова.

Арай Төлемісова ҰҚК-ның бұрынғы төрағасы Кәрім Мәсімовтің әкесі Қажымқан Мәсімовпен қызметтес, сыйлас болғанын айтып берген.

Естеріңізге сала кетейік, 2022 жылы 6 қаңтар күні Ұлттық қауіпсіздік комитеті Кәрім Мәсімовке мемлекетке сатқындық жасады деген айып тағып, ҚР Қылмыстық кодексінің 175-бабының 1-бөлігі бойынша тергеуге алған еді. Сот шешімі бойынша ҚР ҰҚК бұрынғы төрағасы 18 жылға сотталды.

Фото интернеттен алынды.