Қазақ ұлтының ең жақын туысы кім?
Қазақты қалмақ, ұйғыр, қытаймен туыстас, қаны бір деп Қытай ғалымдары өткенде айды аспанға шығарып еді. Ал жапон ғалымдары басқаша дерек ұсынып отыр деп жазады Democrat.kz.
«Қазақ ұлты мен жапон ұлтының туыстық байланысы бар. Оның нақты дәлелі ретінде — туған сәбидің жамбасында болатын таңбасын келтіруге болады. Әзірге нақты бір дәлел жоқ. Десек те, қазақ пен жапон халқының арасында көптеген ұқсастықтарды былайша да аңғару қиын емес. Мысалы, сөйлем құрау жүйесі екі ұлтта бірдей»,-дейді жапон ғалымы Татсуя.
Мұнан бөлек дәл осындай пайымын басқа да жапон ғалымдары алға тартқан болатын. Ал Жапония премьер-министрі «Қазақ пен жапон бауырлас халық» деп мәлімдегені ел есінде.