Қазақстан — Азиядағы бокс державасы атанды
Қазақстан бокстан Азиядағы ең үздік мемлекет деп танылып, Asian Boxing Confederation (ASBC) ұйымының Best of Asians сыйлығында көш бастады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Vesti.kz-ке сілтеме жасап.
«2024 жылдың қорытындысы бойынша Қазақстан төрт номинацияда жеңіске жетіп, Азияның үздік бокс державасы атанды. Екінші орынға үш номинациядан жеңімпаз шыққан Өзбекстан мен Қытай орналасты. Үшінші орынды екі номинацияда жетістікке жеткен Тәжікстан алды. Сондай-ақ, бір-бір номинациядан Тайланд, Қырғызстан, Үндістан, Иран және Түрікменстан иеленді», — делінген материалда.
Қазақстандықтар төрт негізгі номинацияда жеңімпаз атанды:
- • Сағындық Тоғамбай – «Ересектер арасындағы үздік азиялық боксшы»;
- Темірлан Мұқатаев – «22 жасқа дейінгі үздік азиялық боксшы«;
- Төрехан Сабырхан – «Жастар арасындағы үздік азиялық боксшы»;
- Қазақстанның бокс федерациясы – «Азияның үздік ұлттық федерациясы».
Айта кету керек, ASBC марапаттары жыл сайын Азия құрлығының үздік боксшыларын, бапкерлерін және федерацияларын анықтап, олардың еңбегін тануға бағытталған.