Қазақстанның еңбек министрі техникалық жоғары оқу орындарының түлектерін әскери қызметтен босатуды ұсынды

0
108

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Светлана Жақыпова техникалық жоғары оқу орындарының түлектерін әскери қызметтен босатуды ұсынды. ЕХӘҚМ басшысы жастарды жұмыспен қамтамасыз ету үшін қабылданып жатқан шаралар туралы да айтты, деп хабарлайды Курсив.

«Бүгінгі таңда техникалық мамандықтар бойынша мамандардың тапшылығын ескере отырып, аталған мамандықтар бойынша оқу орындарын бітірген адамдарды әскери борышын өтеуден босату туралы мәселені қарастыруды және колледждерде сержанттар құрамын даярлауға және әскери даярлықтан өтуге бағытталған әскери кафедралар ашуды ұсынамын», – деді Жақыпова.

Министр ведомствоның жоспарында халықаралық келісімшарттар бойынша шетелде жұмыс істегісі келетін жастарға арналған дайындық курстарын ұйымдастыру орталықтарының ашылуы бар екенін айтты. Оның айтуынша, мұндай орталықтар Шығыс Қазақстан, Түркістан және Алматы облыстарында ашылады.

1 наурыздан бастап Қазақстанда ер адамдарды көктемгі мерзімді әскери қызметке шақыру басталды. Маусым айының соңына дейін Қарулы Күштер қатары әскерге шақырудан босатылмаған 20 мыңнан астам қазақстандықты толықтырады.

Сондай-ақ қазақстандық запастағы офицерлерді Ұлттық ұланға, ТЖМ-ге, Шекара қызметіне және ҚР Қарулы Күштеріне әскери қызметке шақырады. 2024 жылы қызметке екі жыл мерзімге 752 адам шақырылады.

Фото: Курсив.