Көкшетауда сүндеттен бала көз жұмды

0
110

Көкшетауда сүндеттелгеннен кейін 10 жасар бала қайтыс болды, деп хабарлайды BAQ.KZ qazaqstan.tv-ге сілтеме жасап.

Оқиға Ақмола облыстық көпсалалы балалар ауруханасында тіркелді. Операциядан кейін жасөспірім үйіне жіберілген. Алайда баланың денсаулығы нашарлап, екі күннен кейін қайта дәрігерге көрінген. Алдын ала болжам бойынша, оның өліміне анафилактикалық шок себеп болуы мүмкін.

Айта кетерлігі, осы облыстық көпсалалы балалар ауруханасында екі күн ішінде 3 бала көз жұмғаны белгілі болды. Олар түрлі сырқатпен диспансерлік есепте тұрған.

Фото ашық дереккөзден алынды.