Көршімізде су тасқыны болуда
Қытайдың оңтүстігіндегі Хунань провинциясында қауіптіліктің жоғары деңгейі жарияланды, деп хабарлайды Democrat.kz.ақпараттық порталы Azattyq Rýhy.-на сілтеме жасап.
Оған нөсер соңына ұласқан тасқын себеп. Мұнда кейінгі тәулікте рекордтық мөлшерде жаңбыр жауған. Содан 15 мың тұрғын қауіпсіз жерге көшірілді. 14 қала мен 800 елді мекенді су басқан. Аймақта көлік қозғалысы қиындаған.
Ал синоптиктер алдағы күндері нөсер әлі толастамайтынын ескертеді. Жалпы көрші елдің шығысы мен оңтүстігіндегі су тасқынынан 38 адам опат болған. Екі мыңнан аса үй бүлінген. Әсіресе, ауыл шаруашылығына зор шығын келді.
Фото ашық дереккөзден алынды.