Қожа Ахмет Ясауиді кімдер не үшін жек көрген?
ТикТок әлеуметтік желісінде тараған baqsy-sultan парақшасындағы видео қызу пікірталас тудыруда деп жазады Democrat.kz.
«Арабтар неге Қожа Ахмет Ясауиді жек көреді? Себебі арабтар құран кітабымен қатар өздерінің салт-дәстүрлерін де дін арқылы халыққа тықпаламақ болған. Ал Ясауи «мынау — Құран, ал мынау — арабтың дәстүрі» деп екеуін екі бөлек жіктеген. Сол себепті де арабтар Ясауиді жақтырмайды», — деген кісінің сөздеріне қатысты жұрт өз пікірін білдіруде.
Бірі «арабтар Ясауиді танымайды да», «арабтар Орта Азияда туған бүкіл ғұламаларды құрметтейді», «бұл коммунистердің ертегісі ғой», «пайғамбар ата-бабасына құран бағыштамаған» деген сынды пікірлер жазуда.
Фото видеодан скринделіп алынды.