Қожа Ахмет Ясауиді кімдер не үшін жек көрген?

Қожа Ахмет Ясауиді кімдер не үшін жек көрген?
ТикТок әлеуметтік желісінде тараған baqsy-sultan парақшасындағы видео қызу пікірталас тудыруда деп жазады Democrat.kz. "Арабтар неге Қожа Ахмет Ясауиді жек көреді? Себебі арабтар құран кітабымен қатар өздерінің салт-дәстүрлерін де дін арқылы халыққа тықпаламақ болған. Ал Ясауи "мынау - Құран, ал мынау - арабтың дәстүрі" деп екеуін екі бөлек жіктеген. Сол себепті де арабтар Ясауиді жақтырмайды", - деген кісінің сөздеріне қатысты жұрт өз пікірін білдіруде. Бірі "арабтар Ясауиді танымайды да", "арабтар Орта Азияда туған бүкіл ғұламаларды құрметтейді", "бұл коммунистердің ертегісі ғой", "пайғамбар ата-бабасына құран бағыштамаған" деген сынды пікірлер жазуда. Фото видеодан скринделіп алынды.  [video width="576" height="1024" mp4="/uploads/2024/11/WhatsApp-Video-2024-11-27-at-00.41.48.mp4"][/video]
Барлық жаңалықтар