Екі күннен бері әлеуметтік желіде әнші Ерке Есмаханға қатысты түрлі сұмдық әңгімелер айтылып, ел соны қызу талқылап жатыр деп жазады Democrat.kz.
Threads желісінде Ардақ Тауменов атты желі қолданушы бұдан біраз уақыт сөз болған жазбаларды скрин көшірмелерін жариялады.
Скринде Жұлдыз есімді визажист қыз кезінде Ерке Есмахан өзінен екі ерін далабын "бере тұршы" деп сүрап алып, кейін сол күйі қайтармағанын айтады.

Жұлдыздан кейін Сая есімді желі қолданушысы Ерке Есмахан туралы өзі білетн басқа жайтты жайып салған. Саяның сөзіне сенсек, күйеуге шықпай тұрып, Ерке отбасылы футболшыны ұнатып, сонымен танысуға ынтық болыпты.
"Мені сол футболшымен таныстыршы, ол жігіт менікі болады" деп айтыпты танысыма" дейді Сая.

Ал Сейілбекова Дәмелі есімді желі қолданушы aitarimbarmenin парақшасына шыққан жазбаның скринін бөлісті.

Бұл айтылған дүниелер Еркенің ескі өміріне қатысты болғанына қарамастан, жұрт әнші туралы өздері білетін түрлі әңгімелерді ортаға шығарып, жариялауда.
Әзірге Ерке Есмахан өзіне қатысты шығып жатқан мынадай сөздерге ресми ештеңе деп жауап бермеді. (Мақаланың өңін өзгертіп, ұрлап, сілтемесіз көшіріп басқан сайтты сотқа беретінімізді ескертеміз!)