Желіде Мағжан Мыңбай есімді баланың жылқының жанында тұрып Ақан Серінің «Маңмаңгер» атты әнін нақышында орындаған бейнежазбасы тарады, деп жазады Democrat.kz.
Мұны көрген көпшілік таңданысын жасыра аламады.
«Ерекше дауыс және орынау. Бұлақтың көзін ашу керек, алысқа барады», «Керемет табиғи дауыс. Шіркін, осындай дауыстарды сахна төрінен тыңдағанға не жетсін. Өзіңді сахнада жүрген аға-апаларың тыңдап, қол ұшын созса екен деймін. Талабыңа нұр жаусын балақай!», «Керемет дауыс! Жүрегіңнен сол балапан, музыканы сезініп тұрған. Болашақ жұлдыз ғой мынау», – деп тамсанды тамаша орындауды тыңдаған көпшілік.(Мақаланың өңін өзгертіп, ұрлап, сілтемесіз көшіріп басқан сайтты сотқа беретінімізді ескертеміз!)