"Әкемнің кесірінен гей болдым" деген жігіттің жан айқайы жүректі ауыртты

"Әкемнің кесірінен гей болдым" деген жігіттің жан айқайы жүректі ауыртты

Желіде Альбина атты психолог қабылдауында болған гей жігіттің құпиясын ақтарды, деп жазады Democrat.kz.

Алдына түрлі тағдырлы өткерген адамдар келетінін айтқан маман, жас жігіттің жағдайы жанына ерекше батқанын жасырмады. 

«Ол жігітті 7-8 жасынан бастап әкесі зорлаған. Басында ұрып-соғатын болған. Сонда ол шыңғырып жылайтын болған. Содан бір күні  әкесі ішіп келіп, бірнеше рет зорлаған. Ең соңында үйретіп алған. Өзінің жанына жақын деген адамы солай жасаған соң басқа кімнен көмек сұрасын?!(Мақаланың өңін өзгертіп, ұрлап, сілтемесіз көшіріп басқан сайтты сотқа беретінімізді ескертеміз!)

 
 

Сөйтіп жылдар бойы жалғасады. Бір күні әкесі қарындасын және оның қызын зорлаған соң сотталады. Қарындасы да өзін зорлағанда қарсылық білдірмеген, қызын қорлағанда барып арыз жазып, туған ағасын соттатып жібереді», – деді психолог. 

Айтуынша, бұдан соң әкесінен зорлық көрген жігіттің еркек атаулыға өшпенділігі артқан. Тіпті, өзін еркекпін деп ойласа, оңбаған ретінде сезінетін күйге түскен. 

«Сол себепті өзімді әйел сезінгім келеді. Барлығы «гейсің» оданда Отан қорғамайсың ба?» деп ұрады-соғады. Ауылда  жәбір көріп біраз таяқ та жедім», – десе керек, тағдыры талқан болған жігіт. 

Барлық жаңалықтар