Оқу ағарту министрін "тормоз" деген белсенді педагог сүйектен өтетін сөздермен министрді сынады

Оқу ағарту министрін "тормоз" деген белсенді педагог сүйектен өтетін сөздермен министрді сынады

Таяуда оқушының білімін бағалайтын "Күнделік" платформасынан тағы да балалардың жеке деректері сыртқа жайылып кетті. Осыған қатысты белсенді педагог Нұргүл Әбілдина арнайы жазба жариялап, ата-аналар Оқу ағарту министрін сотқа беруі керек екенін айтты деп жазады Democrat.kz.

"Барлық қазақстандық ата-аналар қауымы министр Жұлдыз Сүлейменованы жауапқа тартып, сотқа беру керек.

Бұл министр нақты өзіне тиісті жұмысымен айналыспайды: таңертеңнен кешке дейін мінберден түспей, арзан ұпай жинап, популистік шешімдерін халыққа жариялап, тобыр алдында жақсы көріну үшін түрлі әрекет жасауда.

Не өзі шаршамайды, не табынушылары жалықпайды. Негізгі мақсаты - бұрынғы министр Ғани Бейсембаевтың жасаған реформаларын жоққа шығару.

Менің ойымша, Сүлейменова (Аманат партиясының жанды қуыршағы, марионеткасы) министрлікке экс-экс-министр Аймағамбетовтің жасырын жоспарын жүзеге асыру үшін келді.

Егер Сүлейменова керемет әділ, принципшіл басшы болатын болса, ол неге Аймағамбетов енгізген "Жаhандық құзіреттліктер" пәнін алып тастамайды? 

Қазіргі министрді мен "Тормоз (тежегіш)" министр деп атар едім.

Байқасаңыздар, ол бірде-бір реформаға талдау, сараптама жасамай, еш талқысыз жауып тастауға дайын тұрады.

Бұл шенеунікке қатысты шығарылатын тарих үкімі әділ және қатал болады! Бұл арнайы тапсырмамен келген адам, Бейсембаев бастаған игі өзгерістерді жоққа шығару мақсатымен келген. ..

Көп шешімдерінен волюнтаризм иісі аңқып тұр!
Тарихшы, философ  Сүлейменова бұл сөздің мағынасын түсіне ме?" деп жазды Нұргүл Әбілдина.

Барлық жаңалықтар