Тасмағамбетовке күй арнаған Секен Тұрысбек талқыға түсті

Тасмағамбетовке күй арнаған Секен Тұрысбек талқыға түсті

Секен Тұрысбектің желідегі фан парақшасында тараған күй көпшілікті екіұшты ойға қалдырды деп жазады Democrat.kz.

Ел арасына тараған бейнежазбада «Көк бөрі» күйінің Иманғали Нұрғалиұлы Тасмағамбетовке арналғаны айтылып, автордың орындауындағы нұсқасы тарту етіледі. Туындыны тыңдаған жұрт оған тамсанғанымен, Тасмағамбетовке тарту етілгеніне таңданыс тудырды. 

«Құдай Сәкен ағамызға талант бергенімен, адамтану қасиетін бермепті. Бір кем дүние», «Иманғали Тасмағамбетов лайық емес», «Ой, күшті, тыңдай бересің. Көп жасаңдар!», «Керемет күй екен» десті  желідегі жұрт. (Мақаланың өңін өзгертіп, ұрлап, сілтемесіз көшіріп басқан сайтты сотқа беретінімізді ескертеміз!)

Барлық жаңалықтар