Еркектің қай түрі "тоқал алам" деп жанталасады?

Еркектің қай түрі  "тоқал алам" деп жанталасады?

Ақбота Лесбек есімді психолог  тоқал аламын деп бірінші әйелінің миын жейтін еркектің 95 пайызы – абьюзерлер дейді, деп жазады Democrat.kz.

Сондай-ақ маман бір әйелмен сау қарым-қатынас құра алмаған ер адам тоқалымен де оны жасай алмайды дегенді айтады. 

«Арада біраз уақыт өткенде екінші әйелі де бірінші әйелі сияқты болып қалады. Себебі, бірінші әйелінен жаба алмаған қажеттілікті екінші әйелімнен жабамын деп өзін алдайды. Көбінесе  психикасы дұрыс жұмыс жасамайтын, өзінің қателіктерін мойындамайтын ер адамдар тоқал алып жатады. Психологияда адамның психикасы бір адамды ғана шын жақсы көре алады, бір адаммен ғана сау қарым-қатынас құра алады. Ал үшінші адамды араластыру – психиканың дұрыс жұмыс жасамауы», – дейді маман.(Мақаланың өңін өзгертіп, ұрлап, сілтемесіз көшіріп басқан сайтты сотқа беретінімізді ескертеміз!)

Барлық жаңалықтар