Желіде Үндістанға туристер тартумен айналысатын Феруза Манашева атты келіншек, басынан өткерген оқиғаны баяндады, деп жазады Democrat.kz.
«Төрт қызым үшін тірі қалуым керек деген жігерім жерге құлатпады. Ем іздемеген жерім жоқ. Жолым түсіп, Үндістаннан ем таптым», – деген қазақ аруы ол жақта Имран есімді жергілікті жігітпен көңіл жарастырғанын жасырмады.
«Шашым ұйпа-тұйпа болып жүргенде маған қалай ғашық болды екен деп әлі таң қаламын. Сөйтсем, өмір үшін күрескен қайсарлығыма ғашық болыпты... Бала деген ата-анаға Алладан берілген аманат емес пе?
Өз балаларын сыған деп, алимент төлеуден қашып жүрген жігіттер туралы жиі естіп те, оқып жүрміз ғой. Туған баласын өзекке тепкендер «азама»т деген аттан әдіра қалсын.
Бірақ жігіттердің бәрі бірдей емес. Өзгенің баласын бауырына басып, қамқор болып жүрген жігіттер де жетеді. Имран да менен бұрын қыздарымның хәлін біліп, солардың жағдайын ойлап тұрады. Бір ұлтты көтермелеп, бір ұлтқа менсінбей қарайтындар бар. Мәселе, ұлтта емес, адамда екеніне әбден көзім жетті», – дейді қазақстандық ару.
Желі қолданушысының бұл жазбасына әркім әртүрлі пікір білдіруде. Арасында әйелінен ажырасқан актер Нұрсұлтан Жақсыген де бар. «Айдаладағы саған не үшін жақсылық жасауым керек?!» – деді ол, отандасын әзілге алып.(Мақаланың өңін өзгертіп, ұрлап, сілтемесіз көшіріп басқан сайтты сотқа беретінімізді ескертеміз!)