Бауыржан Ибрагимов жаңа тоқалын ел алдына алып шықты

Бауыржан Ибрагимов жаңа тоқалын ел алдына алып шықты

Халыққа танымал бұрынғы «Бауыржан шоу» әзіл-сықақ театрының басшысы Бауыржан Ибрагимов жаңа тоқалымен елдің көзіне түсті деп жазады Democrat.kz. 

Әлеуметтік желіде тараған видеода Бауыржан Ибрагимов  үшінші әйелі мен баласын жұртшылыққа таныстырған. Ол оларды Шымкент қаласында өткен тойлардың біріне ертіп барған. Сол сәтте түсірілген бейнежазбалар әлеуметтік желіде жылдам таралып, қызу талқыға түсті.

Жұрт «Еркектер қатын алудан жарысқа шыққан ба?», «Мына шалдар құтырған, бәрі жас қатын алып», «Бұл қыз өзін қалай қиды екен?», «Тұрсынбекке қарағанда талғамы жақсы екен», «Тұрсынбектің тоқалынан әдемі», «Ақшасы соншалықты көп пе?», «Қалай тиген мынаған?» дегенге саятын пікірлер жазуда. 

 

Барлық жаңалықтар