Құдайдан бас тартсақ, оның орнын не басады?
Осы атеисттердің «халық діннен, Құдайдан бас тартса сауатты болады, ғылым-білімге бет бұрады, даму жолына түседі» дегені қаншалықты рас екен?
Құдайды алып тастасақ оның орнын не басады? Құдайдан бас тартқан кезде жұрт ғылым-білімге бет бұрады дегенді кім шығарды және ол қашалықты шындыққа жанасады?
Немістің ойшылы Ницше кезінде не айтып еді: «Құдай өлді. Енді оның орнын үш құдырет басады. Нигилизм, гедонизм, билік». Ницшенің бір ғасыр бұрын айтылған болжамы тура келді емес пе? Әлемдегі деградацияның өршуі Ницшенің айтқанын дәлелдеп тұр емес пе?
Діннің негізгі функциясы ғылымды дамыту ма еді? Олай емес қой. Діннің функциясы адамның осы әлемдегі орны, өлген соң не болады, осы әлемде нені негізге ала отырып іс-әрекет жасауым керек деген базалық сұрақтарға жауап алу еді ғой.
Ия, орта ғасырда еуропа елдерінде дін ғылыммен айналысуға кедергі келтірген. Тіпті қауіпті болған. Бірақ қазір ондай шектеу жоқ қой. Қазір байқасаңыз дін ұстанып жүрген қаншама азаматтар бар, жап-жақсы доктор, ғалым, қызметкер.
Дінге сенбейтін азаматтар бар бойында ешбір өнері, не ғылымы, не ашқан жаңалығы жоқ. Демек, дінге әділетсіз кінә артудың қажеті жоқ меніңше. Себебін басқа жақтан іздеген жөн.
Амангелді МЕЙРАМБЕКҰЛЫ,
Facebook жазбасы.
Фото автордың парақшасынан алынды.