Құнанбай есімді сәбилер 300 мың теңгеден арнайы сыйлық алды

0
339

Таяуда ғана танымал журналист Нұрсейіт Жылқышыбай ұлдарына «Құнанбай» деп ат қойған азаматтарға ақшалай сыйлық беретінін мәлімдеген еді. Журналист сол уәдесі бойынша күні кеше екі сәбиге «Құнанбай» деген аты үшін ақша бергенін хабарлады деп жазады Democrat.kz.

«Дүниеге екі Құнанбай келді! Достар, естеріңізде болса Абайдың 180 жылдығына «Аламан» компаниямның атынан бір бастама көтерген ем. Соның міне алғашқы нәтижесі.

Құнанбай Ерсұлтан есімді сәби 3-ші наурыз 2025 жылы туса, Құнанбай Серікболсынұлы 13-ші наурызда 2025 жылы дүниеге есігін ашты. Көкжал Құнанбайдың атын алған қос періштемізге Жаратқан ұзақ ғұмыр берсін.

Біздегі басты мақсат бала есімдерін қазақыландыру. Ежелден ырымшыл халықпыз. Қос періштеге Аға Сұлтанның байлығы, құты, даңқы қонсын дейміз.

Уәде еткендей әр қайсына 300 мың теңгеден аудардық» деп жазды журналист парақшасында.