“Құрбандыққа семіз, еті мол малды сою керек” дейді ұстаздар

0
480

Биыл Құрбан айт мейрамы маусым айының 16-сы болып бекітілді. Бұл туралы Мүфтият арнайы мәлімдеме жасады деп хабарлайды Democrat.kz.ақпараттық порталы.

Жыл басында маусымның 17-сі делінген Құрбан айттың маусымның 16-сына не себепті ауыстырылғанын Мүфтият айдың толу, тууымен байланыстырып, түсініктеме берді. Мұсылман елдері мен Түркия, Өзбекстан сынды өзіміз танитын елдерде Құрбан айт маусымның 17-сінен басталады.

Құрбан айтта қандай мал шалған абзал? Бұл сұраққа қатысты Нұрсұлтан Рысмағамбетов тәптіштеп түсіндіріп берді. Әлеуметтік желілерде тараған видеосында Нұрсұлтан “ұстаз”: “Құрбандықты мұсылмандар Аллаһ үшін шалады.

Сондықтан сойылатын қой тірсегі-тірсегіне тиіп, әрең жүрген көтерем қой емес, семіз, етті қой сойылуға тиіс. Құдай үшін сойылатын мал да соған лайық болғаны дұрыс. Біреулер бар “осы болады, пойдет” деп арық қойды құрбандықа сояды. Бұлай етуге болмайды.

Аллаһ сіздің қандай ниетпен, қандай қойды соятыныңызды алдын-ала біледі. Құрбан малды сойғанда алғаш шығатын қан сіздің бүкіл күнәңізді шайып кетеді дейді. Ал құрбан малдың үстінде қанша қыл болса, сонша күнәңіз кешіріледі.

“Брат, арзандау қой бар ма?” деп сұрайды біреулер. Аллаһ сіздің ішкі ниетіңіздің бәрін біледі. Аллаһ-тағала сіздің ниетіңізді тексеру үшін құрбандықты уәжіп еткен”,- дейді.

Ал Нұрлан имам: “Құрбан шалуға шамасы келсе де, “ақшасын таратып берсем бола ма?” дейтіндер бар. Жоқ. Олай етуге болмайды. Құрбандыққа міндетті түрде мал шалу керек”, — дейді.

“Ұстаздар” айтқан семіз, етті қойдың бүгінгі бағасы қанша екеніне сұрау салып көрдік. Еліміздің Солтүстігі мен Шығысында 5-6 айлық қойлардың ең арзаны 65-75 мың теңгеден басталады.

Ал Оңтүстікте құрбандыққа жарайтын қойдың бағасы 45-55 мыңның айналасында сатылып бастапты. “Бұл қазіргі бағалар. Енді 2-3 күнде баға еселеп артады” дейді 33 қойды құрбандыққа сатуға дайындап отырған жетісулық Бақтыбай атты шопан.

Фото ашық дереккөзден алынды.

@aqyretimizge_azyq

Ұстаз:Нұрсұлтан Рысмағанбетұлы✨ #құрбан_айт #құрбандықшалу #ислам #ұстаз #нұрсұлтанрысмағанбетұлы #нұрсұлтанұстаз #сауап

♬ شبل الإسلام — شبل الإسلام