Қыдырәлі Болман Мақпал Жүнісоваға алғыс айтты

0
89

Танымал продюсер, әнші Қыдырәлі Болман халық әртісі Мақпал Жүнісованың өзіне жасаған жақсылығын айтты. Бұл туралы Democrat.kz сайты хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап.

Өнер иесі халықаралық байқауды есіне алды.

“Мақпал ханымды алғаш рет халықаралық “Азия дауысы” конкурсында көрдім. Таныса келе өзіне тән ашық-жарқын көңіліңді көтеретін ғажап күлкісін көрдім. Әнші ретінде өзі алдына бір бөлек. Адамгершілігі бір төбе. “АБК” тобының концертін ұйымдастырайын деп залмен келісіп жүргенде Мақпал ханымды көрдім. Ол кезде Заманбек ағамыз Алматы қаласының әкімі еді. Демеуші керек уақыт. Мән-жайды айттым да, Заманбек ағамызға кіргізуін өтіндім. 10 минут өтер өтпестен “16.20-да бар. Қабылдайтын болды” деді. Мен алғысымды жаудырып, әкімнің қабылдауына кірдім. Ағаның кабинетіне кіріп келсем, “Міне, өзі де келді. Көмектесемін, әрине” деп жатты. Ол кісі бірден қолдады. Сол жолы адам сыймай керемет концерт өткен еді”, – деп еске алды продюсер.

Еске салайық, танымал журналист Қыдырәлі Болманның кезінде көлік салығын төлемей жүргенін айтқан еді.

Бұған дейін Димаш Құдайбергеннің әжесі халық әртісі Мақпал Жүнісоваға сақинасын сыйлаған еді.