«Қызымды мектеп жындыханаға жатқызып тастады» деп шырылдайды әкесі

0
948

ТикТок әлеуметтік желісінде жәрдем сұрап видео түсірген Рахметжан Тохсынов әділдікке жете алмай жүргенін айтады деп хабарлайды Democrat.kz.

«Алматы облысы, Шелек селосындағы Розыбакиев атындағы мектебі 9 жасар, 2-ші сыныпты оқып бітірген қызым туралы «оқып, жаза алмайды» деген жалған мәдіметтерді ауруханаларға берген. Қызым 2-ші сыныпты үздік бағамен бітірді. Қызымды жалған мәліметтермен заңсыз жындыханаға жатқызды. Жәрдем сұрамаған жерім жоқ Ешкім көмектеспеді»,- деп шырылдаған әке Президент Тоқаевтан көмек сұрады.

«Қызыма бекерге наркотик дәрілер егіп, ағзасын улап жатыр»,- деп жыламсыраған азамат қызының 2-ші сыныпты үздік бағамен бітіргені туралы табелі де барын алға тартады.