Лукашенконың да ниеті бар

Лукашенконың да ниеті бар
Беларусь ШЫҰ-ға кіреді. Бұл туралы Беларусь Президенті Александр Лукашенко 2 шілдеде елдің Тәуелсіздік күніне арналған салтанатты жиында мәлімдеді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy. «Беларусь ШЫҰ-ның толыққанды мүшесі болады. Бұл ұйымға кіру – бірнеше күндік мәселе. Барлық тиісті мемлекетішілік рәсімдер аяқталды», - делінген Минскідегі салтанатты іс-шараның пост-релизінде. Қазіргі уақытта ШЫҰ-ға 9 мемлекет мүше: Қазақстан Республикасы, Үндістан республикасы, Иран Ислам Республикасы, Қытай Халық Республикасы, Қырғыз Республикасы, Пәкістан Ислам Республикасы, Ресей Федерациясы, Тәжікстан Республикасы, Өзбекстан Республикасы. Фото интернеттен алынды.
Барлық жаңалықтар