Мәйіттерді сатып миллиондап табыс тапқан
Қытайда ірі қылмыстық желі ашылды, оның мүшелері крематорийлер мен ауруханалардан мәйіттерді ұрлап, кейін олардың сүйектерін тіс импланттарын жасау үшін пайдаланған. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі South China Morning Post-қа сілтеме жасап хабарлайды.
Прокурорлар тергеу «өте күрделі» және әлі аяқталмағанын алға тартып, істің егжей-тегжейін айтпаған. Бірақ істің анық-қанығын Қытайда қылмыстық істер бойынша әйгілі адвокат И Шенхуа өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында жариялады.
Жарияланған мәліметтерге сәйкес, Shaanxi Aorui Biomaterials Сычуань, Гуанси және Шандун провинцияларында қайтыс болған адамдардың мәйіттері мен аяқ-қолдарын заңсыз сатып алған. Компанияның бас директоры жауап алу кезінде крематорийлерден төрт мыңнан астам адам денесін ұрлап кеткенін мойындады.
Сүйектер аллогенді трансплантация жасау үшін қолданылған. Олар науқастың жетіспейтін сүйек аймағын толтыру үшін қажет. Қайтыс болған адамдар да донор бола алады, бірақ бұл процесс ережелердің үлкен тізімін, соның ішінде осындай трансплантациялар қызметін пайдаланатындардың қауіпсіздігін сақтауды талап етеді.
Тергеу барысында барлығы 75 күдікті ұсталды. Олардың арасында денелерді бөлшектеген крематорий қызметкерлері, сондай-ақ Циньдао қаласындағы бірнеше жерлеу үйінің, медициналық колледждің және университет ауруханасының орталығында қайтыс болғандардың денелерін сататын қызметкерлер бар.
South China Morning Post орталық директоры медицина ғылымына қосқан үлесі үшін көптеген мемлекеттік марапаттарға ие болып, «Қытайдың үлгілі жұмысшыларының» қатарына қосылғанын жазады.
Қылмыстық схеманы іске асыру барысында компания 380 миллион юань (шамамен 53 миллион АҚШ доллары) табыс тапты. Полиция компанияның қоймаларынан 18 тоннадан астам сүйек пен 34 мыңнан астам жартылай фабрикаттар мен дайын импланттарды тәркіледі.
South China Morning Post хабарлағандай, соңғы айларда Қытайдың әртүрлі аймақтарында бірқатар қылмыстық істер басталды және осы қызмет түріне монополиясы бар мемлекеттік жерлеу үйінің басшылары қамауға алынған.
Фото көрнекілік үшін интернеттен алынды.