Мәсімов билікті қалай қолына алмақ болды?

0
204

Қазақстандық сарапшылар Қаңтар оқиғасы кезінде Мәсімов кіммен жұмыс істеп, Тоқаевпен не жайлы сөйлескенін айтты, — деп хабарлайды Dalanews.kz.

«Мәсімов 2016 жылы Ұлттық қауіпсіздік комитеті басшысы қызметіне келіп, транзит жағдайында кепілгер болды. Және менің ойымша, Мәсімовке болып жатқан жайттың бәрі ұнамайтын.

Яғни оған Тоқаев атқарып отырған дүниелер ұнамады. Олардың жоспары — президентті қорқытып, жағдай ушығып кеткенін айтып, қорғану керегін жеткізу болған. Егер Тоқаев осыған сеніп, сатылып кетсе, оны ұстап, қамап тастар еді. Ал өзі (Мәсімов) билікті өз қолына алар еді.

Назарбаевты қайтарып ала ма, жоқ па – нақты айта алмаймыз. Қазір ашып ештеңе айта алмаймыз, себебі іс құпия түрде жүргізілді. Ол жерде мемлекеттік құпия көп», — дейді депутат Никита Шаталов ресейлік журналист Алексей Пивоваровқа берген сұхбатында.

Мәсімовтің ұсталуына қатысты Orda.kz сайтының  бас редакторы Гүлнара Бажкенова да пікір білдірген.

«Ол осының барлығының негізгі бенефициары бола алмады. Себебі кем дегенде оның ұлты қазақ емес, жоғары лауазымдарды өз қолына ала алмайды. Ол өте ықпалды адам болды, Назарбаевтың адамы.

Бірақ ол жеке жалғыз өзі жүріп «ойын жүргізе алмайтын». Қаңтар кезінде ол екі ортада жүріп, президентке месседж жеткізіп отырған. Ол Назарбаевтар әулеті қазіргі президентке елден кетіп қалу керек деп ультиматум қойғанын жеткізген. Яғни міне тікұшақ дегендей.

Ақша да ұсынылған. Тоқаев бас тартқан: «маған қару беріңдер, қажет болса өзімді атып тастаймын, бірақ елден кетпеймін» деген. Мұны дәл сол жерде жүрген адамдар айтты. Мәсімов пен Тоқаев өзара қытайша сөйлескен. Мәсімов «енді мен не істеймін?» деп сұраған. Тоқаев «енді тым кеш болды» деп жауап берген», — дейді Бажкенова.

Фото ашық дереккөзден алынды.