Мәжілісте «Ауыл аманаты» жобасын іске асыру мәселелері талқыланды

0
51

Мәжілісте Аграрлық мәселелер комитетінің төрағасы Серік Егізбаевтың жетекшілігімен тақырыптық отырыс өтті, деп хабарлайды Democrat.kz, ҚР Парламенті Мәжілісінің ресми арнасына сілтеме жасап.

«Ауыл аманаты» жобасын іске асыру және ауыл шаруашылығы кооперациясын дамыту тақырыбына арналған жиынға Премьер-министрдің кеңесшісі Ералы Тоғжанов, мүдделі мемлекеттік органдардың өкілдері мен облыс әкімдері қатысты.

2023 жылы Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес «Ауыл аманаты» бағдарламасын іске асыру басталды. Ауыл шаруашылығы вице-министрі Ербол Тасжүреков бағдарлама аясында 2023 жылы 17 мың шағын несие беруге 100 млрд теңге бөлінгенін атап өтті.

Сондай-ақ ол «Ауыл аманатын» жүзеге асыру аясында ауыл шаруашылығы кооперациясын дамытуға ерекше көңіл бөлініп отырғанын айтты. Бүгінгі таңда 317 кооператив 6,7 млрд теңгеге қаржыландырылған.

Баяндамаларды тыңдаған соң депутаттар жобаны жүзеге асыруға қатысты сұрақтарын қойып, ұсыныстарын ортаға салды. Жоба бойынша қаржыны уақтылы бөлу, оны игеру, жұмысты тиімді жоспарлау, шағын кәсіп иелеріне қолайлы жағдай жасау, несие алушыларды қолдау, мерзімдерін қайта қарау, кепілге қоятын мүліктерін зерделеу, коопреативтерге қойлатын талаптарды жеңілдету, мал шаруашылығы өнімдерін көбейту, жайылым жерлерімен қамтамасыз ету, техникалардың жеткілікті болуы сияқты мәселелер сөз болды.

Жиын қорытындысы бойынша ұсыныстар жинаөталып, Үкіметке жолданады.

Фото интернеттен алынды.