Мектеп үшін ұзын-сонар кезекке түрған

0
97

Астана әкімдігі қаладағы мектептің алдында ата-аналар мен балалардың жаппай жиналуының себебін түсіндірді деп хабарлайды Democrat.kz. ақпараттық порталы Stan.kz -ке сілтеме жасап. 

Желіде Астана қаласындағы мектептердің бірінің алдында ата-аналардың жиналып тұрғаны түсірілген видео тарады. Видеоға қатысты қалалық білім бөлімі мәлімдеме жасады.

Білім бөлімінің мәліметінше, 9 шілдеде «Жайлы мектептер» жобасы аясында салынған Төле би көшесінде («Зеленый квартал» тұрғын үй кешені) орналасқан №101 орта мектебіне құжаттар қабылдау басталған. Мектеп әлі пайдалануға берілмегендіктен, құжаттарды қабылдау №71 мектепте ашылған.

«Құжаттар тек қағаз түрінде қабылданғандықтан, бұл кезектің пайда болуына әкелді. ЕGov электронды жүйесінде мектепке тіркелу үшін құжаттарды қабылдау тек 1-сыныптар үшін қарастырылған. Баланы бір ұйымнан екінші ұйымға ауыстыру бойынша мемлекеттік қызмет автоматтандырылмаған.

Қазіргі уақытта ата-анадан құжат қабылдайтындар саны екі есеге арттырылды, сонымен қатар SmartNation құжат қабылдаудың автоматтандырылған порталын іске қосу жұмыстары жүргізілуде, ол 11 шілдеде жұмысын бастайды», – делінген ресми хабарламада.

Білім басқармасының мәліметінше, сегіз жаңа жайлы мектепке онлайн тіркелуге болады:

— № 104 орта мектеп, Орынбор көшесі және № 37 (SOHO тұрғын үй кешенінің ауданы);
— №103 орта мектеп, Мәңгілік Ел даңғылы және E 497 көшесі (Мешіт ауданы);
— №99 мектеп, Қабанбай батыр және Сығанақ қиылысы («Поколение» тұрғын үй кешені);
— №101 мектеп, Төле би және Е758 көш. («Зеленый квартал» тұрғын үй кешені);
— №111 мектеп, Төле би — 24 көш. (солтүстік Барыс Арена);
— №106 мектеп,  S-189 және 12-207 көш.
— №105 орта мектеп, Көктал, Ұлытау – Наурыз көшесі;
— №102 орта мектеп, А.Байтұрсынұлы, №9 құрылыс алаңы («Highvill» тұрғын үй кешені).

Фото интернеттен алынды.