Мектеп үшін ұзын-сонар кезекке түрған

Мектеп үшін ұзын-сонар кезекке түрған
Астана әкімдігі қаладағы мектептің алдында ата-аналар мен балалардың жаппай жиналуының себебін түсіндірді деп хабарлайды Democrat.kz. ақпараттық порталы Stan.kz -ке сілтеме жасап.  Желіде Астана қаласындағы мектептердің бірінің алдында ата-аналардың жиналып тұрғаны түсірілген видео тарады. Видеоға қатысты қалалық білім бөлімі мәлімдеме жасады. Білім бөлімінің мәліметінше, 9 шілдеде "Жайлы мектептер" жобасы аясында салынған Төле би көшесінде ("Зеленый квартал" тұрғын үй кешені) орналасқан №101 орта мектебіне құжаттар қабылдау басталған. Мектеп әлі пайдалануға берілмегендіктен, құжаттарды қабылдау №71 мектепте ашылған. "Құжаттар тек қағаз түрінде қабылданғандықтан, бұл кезектің пайда болуына әкелді. ЕGov электронды жүйесінде мектепке тіркелу үшін құжаттарды қабылдау тек 1-сыныптар үшін қарастырылған. Баланы бір ұйымнан екінші ұйымға ауыстыру бойынша мемлекеттік қызмет автоматтандырылмаған. Қазіргі уақытта ата-анадан құжат қабылдайтындар саны екі есеге арттырылды, сонымен қатар SmartNation құжат қабылдаудың автоматтандырылған порталын іске қосу жұмыстары жүргізілуде, ол 11 шілдеде жұмысын бастайды", – делінген ресми хабарламада. Білім басқармасының мәліметінше, сегіз жаңа жайлы мектепке онлайн тіркелуге болады: - № 104 орта мектеп, Орынбор көшесі және № 37 (SOHO тұрғын үй кешенінің ауданы); - №103 орта мектеп, Мәңгілік Ел даңғылы және E 497 көшесі (Мешіт ауданы); - №99 мектеп, Қабанбай батыр және Сығанақ қиылысы ("Поколение" тұрғын үй кешені); - №101 мектеп, Төле би және Е758 көш. ("Зеленый квартал" тұрғын үй кешені); - №111 мектеп, Төле би - 24 көш. (солтүстік Барыс Арена); - №106 мектеп,  S-189 және 12-207 көш. - №105 орта мектеп, Көктал, Ұлытау – Наурыз көшесі; - №102 орта мектеп, А.Байтұрсынұлы, №9 құрылыс алаңы ("Highvill" тұрғын үй кешені). Фото интернеттен алынды.
Барлық жаңалықтар