Әлемдік мұнай тасымалы үшін аса маңызды Ормуз бұғазы арқылы өтетін сауда кемелерінің саны соғысқа дейінгі деңгейден бірнеше есе төмендеді. Демалыс күндері бұғаздан небәрі 17 тауар тасымалдаушы кеме өткен, деп жазады Democrat.kz.
Reuters келтірген кеме қозғалысы деректеріне сәйкес, соңғы демалыс күндері Ормуз бұғазынан 17 тауар тасымалдаушы кеме өткен.
Бір апта бұрын олардың саны 37 болған. Ал қақтығысқа дейін бұғаз арқылы тәулігіне орта есеппен 125 кеме өтетін.
Соған қарамастан Таяу Шығыстан мұнай экспорты толық тоқтаған жоқ. Кей танкерлер қауіпсіздік мақсатында автоматты сәйкестендіру жүйесін өшіріп жүруі мүмкін.
Сауд Арабиясы Шығыс–Батыс құбырына жасалған шабуылдардан кейін Ормуз арқылы мұнай экспортын арттырған.
13 қыркүйекпен аяқталған аптада 22 танкер шамамен 42 млн баррель мұнай алып бұғаздан шыққан.
Баб-эль-Мандеб бұғазындағы кеме қозғалысы да төмендеп отыр. Мұндай жағдай әлемдік мұнай, жүк тасымалы және сақтандыру бағасына қысым түсіруі мүмкін.