Оралдағы «Зенит» кеме жасау зауыты 18,49 млрд теңгеге сатылымға шығарылды

Оралдағы «Зенит» кеме жасау зауыты 18,49 млрд теңгеге сатылымға шығарылды

Қазақстандағы ірі кеме жасау кәсіпорындарының бірі — Оралдағы «Зенит» зауыты жекешелендіру аукционына шығарылды. Кәсіпорынның бастапқы бағасы 18,49 млрд теңге болып белгіленген, деп жазады Democrat.kz.

Электронды аукцион 24 қыркүйекте өтеді. Саудаға қатысқысы келетін инвестор 2,77 млрд теңге көлемінде кепілдік жарна енгізуі тиіс.

Кәсіпорынды сатушы ретінде «Қазақстан инжиниринг» ұлттық компаниясы көрсетілген.

Аукцион регламентіне сәйкес, саудаға бір ғана қатысушы тіркелсе де, рәсім өтті деп есептелуі мүмкін.

«Зенит» — Қазақстанның кеме жасау саласындағы тарихи кәсіпорындарының бірі. Зауыттың негізі 1921 жылы Ленинградта қаланып, 1941 жылы Оралға көшірілген.

1993–2023 жылдар аралығында кәсіпорын Қазақстанның күштік құрылымдары үшін 34 катер мен кеме жасап, пайдалануға берген. 

Барлық жаңалықтар