АҚШ пен Қытай жасанды интеллект саласындағы қауіпті оқиғалар туралы бір-біріне жедел хабарлайтын арнайы механизм құруды талқылап жатыр. Ұсыныс екі ірі AI державасы арасында ұлттық қауіпсіздікке қатер төндіретін оқиғаларды бақылауға бағытталған, деп жазады Democrat.kz.
АҚШ қаржы министрі Скотт Бессент Нью-Йорктегі келіссөз барысында Қытай вице-премьері Хэ Лифэнге жасанды интеллектімен байланысты маңызды оқиғалар туралы хабарлау жүйесін құруды ұсынды.
Механизм ядролық державалар арасындағы төтенше байланыс арналарына ұқсас қағидамен жұмыс істеуі мүмкін: егер AI жүйесі ұлттық қауіпсіздыққа елеулі қатер төндіретін жағдайға әкелсе, екі тарап ақпарат алмасады.
АҚШ тарапы бастаманың мақсаты — технологиялық бәсекені тоқтату емес, аса қауіпті жағдайларда түсінбеушілік пен эскалация қаупін азайту екенін білдірді.
Келіссөзде сауда мәселелері де қаралды. Тараптар кейбір «сезімтал емес» тауарларға қатысты тарифтерді төмендету мүмкіндігін талқылаған.
Қытай мемлекеттік медиасы кездесуді ашық әрі конструктивті деп сипаттады. Дегенмен AI оқиғалары туралы ортақ хабарлау механизміне қатысты түпкілікті келісім әзірге жарияланған жоқ.