Әлеуметтік желіде өзін кәсіпкер деп таныстырған Ғалия Жүнісованың айтқандары жұртты қатты таңырқатты деп жазады Democrat.kz.
Ғалия Жүнісованың айуынша, оның 70 пәтері бар. "Астана, Алматыда 70 пәтерім бар. Бірақ отбасыммен жалдамалы пәтерде тұрамын.
Неге? Себебі, ақшам бар, қалаған қаланың, өзім қалаған ауданында, өзіме ұнаған үйді жалдап тұрамын. Қалаған уақытымда шетелге саяхатқа шығамын.
Миллиондап ақша жинамаймын. Пәтерлерді ипотекаға аламын, артынша жалдауға беремін. Пәтер жалдаушының ақшасымен ипотекасын жауып отырамын", - деген кәсіпкер бұл кәсіпті игеріп жүргеніне көп болғанын айтты.
Жұрт "бір пәтерім болса, жетер еді", "еріккеннің ісі", "сонда біз жұрттың ипотекасын төлеп, пәтер жалдап жүр екенбіз-ау" дегенге саятын пікірлер жазуда.