Қазақстанда 70 мыңнан астам оң рульді көлік бұғатталды

Қазақстанда 70 мыңнан астам оң рульді көлік бұғатталды

Қазақстанда қалааралық жолаушы тасымалына пайдаланылған 70 мыңнан астам оң рульді автомобиль inDrive жүйесінде бұғатталды. Енді билік рульді оңнан солға заңсыз ауыстырған көліктерді де VIN-код арқылы анықтап жатыр, деп жазады Democrat.kz.

Компанияның Қазақстандағы бас директоры Арай Бекембаев Үкімет отырысында мәселе Көлік министрлігі және МВД-мен бірлесіп шешіліп жатқанын хабарлады.

Оң рульді автомобильдер қалааралық жолаушы тасымалдауға жіберілмейді. Жүйеде олар VIN-коды арқылы анықталып, бұғатталады.

Алайда шектеу енгізілгеннен кейін кей жүргізушілер көліктің рульдік басқару жүйесін оңнан солға заңсыз қайта жасай бастаған.

Мұндай автомобильдерді де VIN бойынша анықтау қолға алынған.

Премьер-министр Олжас Бектенов оң рульді Toyota Alphard көліктерінің қалааралық тасымалда қолданылуын тоқтатуға ерекше назар аударуды тапсырды. Мұндай автомобильдер бұған дейін адам өлімі болған бірқатар ірі жол апаттарында тіркелген.

Оң рульді көліктер сервисте сәлемдеме жеткізу қызметіне пайдаланылуы мүмкін. 

Барлық жаңалықтар