«Жұмысқа келмегендерге жалақы төлеген»: Алматы облысындағы мектепте сорақы жемқорлық әшкереленді

«Жұмысқа келмегендерге жалақы төлеген»: Алматы облысындағы мектепте сорақы жемқорлық әшкереленді

Алматы облысында арнайы мектеп-интернаттың директоры, оның орынбасары және бас есепшісі бюджет қаржысын жымқырғаны үшін сотталды. Олар іс жүзінде жұмыс істемейтін адамдарды қызметкер ретінде рәсімдеп, мемлекетке 5,8 миллион теңге шығын келтірген. Қылмыстық әрекетті Қарасай ауданының прокуратурасы анықтаған, деп жазады Democrat.kz.

Алматы облысында білім беру мекемесінің үш лауазымды қызметкері бюджет қаражатын жымқырғаны үшін қылмыстық жауапкершілікке тартылды.

Бас прокуратураның мәліметінше, Қарасай ауданының прокуратурасы Алматы облысы білім басқармасына қарасты №3 облыстық арнайы мектеп-интернатта заңсыз әрекеттерді анықтаған.

Тексеру барысында мекеме директоры, оның орынбасары және бас есепші іс жүзінде жұмыс істемеген адамдарды жалған түрде қызметке қабылдап, олардың атына жалақы есептеу арқылы бюджет қаражатын иемденгені белгілі болған.

Осы тәсілмен жымқырылған қаржының жалпы көлемі 5,8 миллион теңгені құраған.

Прокуратура материалдарының негізінде Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 189-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілген.

Сот үкімімен мектеп-интернаттың үш лауазымды қызметкері кінәлі деп танылып, әрқайсысына әртүрлі жаза тағайындалды.

Алайда жарияланған ақпаратта сотталғандардың нақты қандай жаза алғаны көрсетілмеген.

Прокуратураның мәліметінше, кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғау және бюджет қаражатының заңды жұмсалуын бақылау жұмыстары жалғасады.

Тірек сөздер: .

Facebook лиді

 

 
Барлық жаңалықтар