Түркиядағы металлургия зауытында жарылыс болып, 10 адам қаза тапты

Түркиядағы металлургия зауытында жарылыс болып, 10 адам қаза тапты

Түркияның Измир провинциясындағы HABAŞ металлургия зауытында болған жарылыстан 10 жұмысшы қаза тауып, тағы 15 адам жарақат алды. Оқиға жөндеу жұмыстары кезінде болған, деп жазады Democrat.kz⁠.

Алдын ала мәлімет бойынша, зауыттағы көпірлі кран құлап, электр доғалы пешке тиген. Соның салдарынан табиғи газ құбыры зақымданып, болат балқыту цехында жарылыс болған.

Жарақат алғандардың төртеуінің жағдайы ауыр. Оқиға орнына құтқарушылар мен медициналық қызметтер жұмылдырылды.

Түркия прокуратурасы мен тиісті мемлекеттік органдар тергеу жүргізіп жатыр. Мамандар өндірістік қауіпсіздік талаптарының сақталуын және апатқа әкелген техникалық себептерді анықтауда. 

Барлық жаңалықтар