Еуропалық одақ Қазақстан азаматтарына виза беруді жеңілдетуі мүмкін

Еуропалық одақ Қазақстан азаматтарына виза беруді жеңілдетуі мүмкін

Қазақстан мен Еуропалық одақ арасындағы визалық талаптарды жеңілдету жөніндегі келіссөздер ілгері кезеңге жетті. Қазақстан тарапы виза құнын төмендетуді, оның жарамдылық мерзімін ұзартуды және қажетті құжаттар санын қысқартуды көздеп отыр, деп жазады Democrat.kz⁠

Сыртқы істер министрлігінің өкілі Жанболат Үсенов келіссөздердің жалғасып жатқанын және тараптардың бірқатар мәселе бойынша түсіністікке келгенін мәлімдеді.

Қазақстан үшін басты мақсаттардың бірі — азаматтардың Еуропа елдеріне сапарын жеңілдету. Ал ұзақ мерзімді перспективада визасыз режимге қол жеткізу мәселесі де күн тәртібінде тұр.

Алайда әзірге нақты келісімге қол қойылған жоқ. Сондықтан визалық талаптар қашан өзгеретіні туралы түпкілікті мерзім жарияланбаған. 

Барлық жаңалықтар